Астанадағы мекемеге антисанитариялық жағдай үшін айыппұл салынды
Астанада үйсіз иттерге дұрыс қарамағаны үшін жануарларға арналған баспанаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде қоқысқа толы лас аумақты паналаған, аш иттердің видеосы тарады. Оның авторлары «аштықтан иттер бір-бірі жегенін» жазған.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметі бойынша, мекеме 2023 жылдың қазан айында «Стоп отлов» жеке қорына сенімгерлік басқаруға берілген.
«Көктал-2 ауданының тұрғындарынан жануарларды тиісінше ұстамау жөніндегі өтініштер келіп түсті. Оларды ескере отырып, 20 тамызда жауапты тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-бабы 2-тармағы «жануарлармен жұмыс істеу саласындағы заңнаманы бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады басқарма.
Айта кетерлігі, бап бойынша жеке тұлғалар үшін 10 АЕК (36 920 теңге), заңды тұлғалар үшін 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.