Қостанайда 24 жастағы жігіт интернетте вирус таратқан (ВИДЕО)

Молдатай Сымбат

Ол интернет пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізген

Қостанай облысының тұрғыны интернетте зиянды бағдарлама таратқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Интернет желісінде зиянды бағдарламаны (вирустарды) таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғынның құқыққа қайшы әрекеті тоқтатылды, деп хабарлады ПД.

«Зиянды бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік берді. Оларды интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу үшін қолдана алады. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу материалдары қаскүнемнің заңсыз түрде зиянды бағдарламалар жасауға үйрету бойынша өз қызметтерін сатқанын куәландырады», - делінген хабарламада.

Nº2 сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеуге, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке және 15 АЕК (55380 теңге) айыппұл салуға, барлық компьютерлік техниканы алып қоюға үкім шығарылды. Үкім заңды күшіне енді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.