Жергілікті билік халықты жаппай эвакуациялап жатыр
Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысының тоң ауданында Зындан өзеніндегі дамба жарылып, сел жүрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жергілікті халық шұғыл түрде эвакуацияланған.
«Осы оқиғаға байланысты балық зауытының маңындағы аулыдың халқын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірдік. Олар қазір көрші елді мекендердің мектептерінде жатыр. Құтқарушылар селдің салдарын жойып жатыр», - деп хабарлайды Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі.