Дәрі-дәрмек түгел тәркіленді
2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.