Алматыда есірткі сатқан қылмыстық топ басшысы 12 жылға сотталды

Автор: Молдатай Сымбат

Оның сыбайластары да бас бостандығынан айырылды

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласы мен Алматы облысында есірткі заттарын сатқан бір топ адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бостандық ауданының прокуратурасы есірткілерді өндіріп, сатқан бір топ адамға қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.

«X» азаматы 3 жыл бойы тұрғын үйінің ауласында қарасора бұталарын өсірген. Оның сыбайластары, өсірілген марихуананы алып, оны орап, сатумен айналысқан. Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушылардың мүлкілерін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлады прокуратура.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.