Оқиға Ферғана қаласында болған
Өзбекстанның Ферғана қаласында ер адам анасын аяусыз ұрып, саусақтарын кесіп тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыр қылмысынан кейін ер адам өзінің ішіне пышақ сұққан. Ол қалалық аурухана түсті.
Сотта жәбірленуші ұлына шағымы жоқ екенін мәлімдеді және жазаны жеңілдетуді сұрады. Сот шешімі бойынша, ер адамға күшейтілген режимдегі психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем тағайындалды.