21.08.2024, 13:42
Оқиғалар
Алматыда хирургтар науқас денесінен 30 келі ісікті алып шықты (ФОТО)
Операция сәтті өтті
Фото: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
Алматыда хирургтар бірегей операция жасады - 65 жастағы әйелдің ішінен 30 келі алып ісік жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының хабарлауынша, операция 2 сағатқа созылды.
«Хирургтар жыл сайын осындай жағдайларға тап болады, бірақ мұндай мөлшердегі ісік, тіпті, АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінің онкологиялық клиникаларында сирек кездеседі», - деп хабарлады операция өткен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің халі жақсы.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды