Үлкен Алматы шатқалында жас туристер құтқарылды

Автор: Молдатай Сымбат

Олар тауға шығып, түсе алмай қалған

Фото: ТЖМ

Бостандық ауданы Үлкен Алматы шатқалында 20-25 жас аралығындағы үш адамнан тұратын топ құтқарылды. «Советов» шыңынан түсу кезінде туристер шаршап өздігінен түсе алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Жастарға медициналық көмек қажет болмады.