Ұрып-соғып, тонап кеткен: Астанада жігіттер төбелесті (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Оқиға түнгі клубтың жанында болған

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Астанадағы түнгі клубтың жанында төбелес болды, оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамдар клубта кездескен. Алкоголь ұрттаған олардың арасында жанжал шығады.

«Олар көшеге шығып, ер адам жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған. Содан кейін, ОРРО маркалы телефонын алып қойған. Полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адамды ұстады», - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.