Атбасарда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Автор: Молдатай Сымбат

Оқиға түнде болған

Фото: istockphoto.com

18 тамызға қараған түні Атбасарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, ол оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы ПД мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 2:50 шамасында болған. Полиция қызметкерінің басқаруындағы көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды.

«Оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Ол тергеуге көмектесіп жатыр. Жүргізуші ішімдік ішпеген. Қазір ол теріс себептерге байланысты ішкі істер органдарынан босатылды», - деп хабарлады ПД.

Сараптама тағайындалды, тергеу барысын облыстық полиция департаменті бақылайды.

«Біз марқұмның отбасына көңіл айтамыз және тергеу жан-жақты, объективті және ашық түрде жүргізілетінін атап өткіміз келеді», - деді Ақмола облысы ПД.