19.08.2024, 14:49
Оқиғалар
4 көлік соқтығысқан: Астананың Ақмешіт көшесінде ұзын-сонар кептеліс орнады (ФОТО)
Соқтығысқан көліктердің бірі коммуналдық қызметке тиесілі көрінеді
Фото: Azattyq Rýhy
Астанадағы Ақмешіт көшесінде төрт көлік соқтығысып, ұзын-сонар кептеліс орнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көліктердің бірі – коммуналдық қызметтің «КамАЗ»-ына ұқсайды. Ол көлік жолдың бір жағын түгел жауып тастағандықтан, Ақмешіт көшесімен Сарайшық көпіріне қарай жүретін жолда ұзын кептеліс орнады.

Жолдың екінші жағында да үш көлікке зақым келгендіктен, Ақмешіт көшесімен Достық даңғылына қарай баратын жолда да көлік қозғадысы қиындаған.

Сағат 14:30-да оқиға орнына жол полиция қызметкерлері жетті. Редакция Астана қаласының полиция департаментінен ресми ақпарат сұратты.

Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды