Жол-көлік оқиғасы Қарқаралы-Ботақара тас жолында орын алды
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Қаракаралы қаласынан Ботақара ауылына дейінгі автожолда 18 тамыз күні сағат 11:00 шамасында болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 20 жастағы ер адам Lada Priora көлігін басқара алмай, келе жатқан жолаққа шығып, 44 жастағы жүргізушісі бар Opel Vectra көлігімен соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де, Lada Priora жолаушысы да, Opel Vectra жолаушысы да сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Тағы 3 жолаушы әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.