Қазақстанда үш жүкті әйелге құрсақішілік ота жасалды

Автор: Молдатай Сымбат

Бұл дүниеге дені сау бала әкелу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақтағы ұрыққа ота сәтті өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туа бітті болатын патологияны түзетуге септік етіп, сәбидің дүниеге дені сау болып келу мүмкіндігін арттырады. 

Орталық дәрігерлері Минск республикалық ғылыми-тәжірибелік «Ана мен бала» орталығы феталды медицина бөлімшесінің меңгерушісімен бірге Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарынан келген үш жүкті әйелге ота жасады. 

Барлық ота сәтті жасалды, науқастардың жағдайы дәл қазіргі сәтте тұрақты.

«Бұл оталарды жасау денсаулық сақтау министрлігінің «Фетальды медицина» жобасының арқасында мүмкін болды. Енді қазақстандық әйелдер әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары технологиялы көмекті алып, дүниеге дені сау бала әкелу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады», - деп жазды ДСМ.