Өткен тәулікте ел аумағында жеті көлік жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ азаматтардан автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды

Фото: t.me/qr_tjm

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 7 автокөліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, олар Алматы, Түркістан облыстары мен Астана, Тараз, Петропавл, Ақтау қалаларында орын алған.

ТЖМ күштерімен 4 жеңіл автомобиль мен 3 жүк көлігінің жануын сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтардан автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.