Германияда шолу шеңберінен өрт шығып, 65 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Фото: depositphotos.com

Германияда өтіп жатқан  Highfield музыка фестивалі кезінде шолу шеңберінен өрт шығып, 16 адам ауруханаға түсті. Соңғы деректер бойынша, зардап шеккендер саны 65-ке жетті. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап, DPA ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шолу шеңберіндегі өрт Лейпциг қаласына жақын жерде сенбі күні кешкісін болған. БАҚ өкілдері алғашында 30 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Зардап шеккендердің 4-уі күйіп қалғаны, біреуі құлаған кезде жарақат алғаны айтылады. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.