«Біреуі – бала»: Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылды

Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында жол апаты болып, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе облстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, апат бүгін Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған.

ВАЗ-2115 және ГАЗель көліктері Бестамақ ауылының маңында соқтығысқан.

«Нәтижесінде ВАЗ-2115 жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза тапты. Тағы бір кәмелетке толмаған жолаушы реанимацияда қайтыс болды. Үш жолаушы Алға қаласының ауруханасына жатқызылды», - деп нақтылады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.