СҚО-да 18 жастағы жігіт өз автокөлігімен жасөспірімді қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

16 жастағы жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

Фото: Петропавловск.news.

Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөліміне 18 жастағы жігіт «Skoda Rapid» маркалы автокөлігімен 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түсті. Велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Жүргізуші мас күйде болмаған.