16.08.2024, 18:00
Оқиғалар
Ақтөбе облысында 2 жұмысшы кәріз тазалау кезінде уланып өлді
Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында кәріз тазарту кезінде екі адам қаза тауып, тағы екі адам аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаза тапқан екі ер адам да 1966 жылы туған. Жұмысшылар жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті.
«Метан газымен уланған екі зардап шеккен адамды (1978 және 1971 жылы туған ер адамдар) 103 бригадасы Ембі аудандық ауруханасына жеткізді. Соматикалық бөлімшеге жатқызылды, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Гемодинамика тұрақты», - деп атап өтті ведомствода.
Полиция істі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тергеп жатыр.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 11:00
Астанада тұрғын үйден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)
08.11.2026, 18:13
Қызылордада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы аман-есен тапты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды