Қарағандыда 39 жасында 39 млн теңге ұрлап қашқан әйел ұсталды

Молдатай Сымбат

Әккі алаяқ бірнеше тұрғынды алдаған

Қарағандыда 39 жасында 39 млн теңге ұрлап қашқан әйел ұсталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Қарағандыда пәтерге күрделі жөндеу жүргіземіз деп елді алдап, 39 миллионнан астам шығын келтірген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, 39 жастағы азаматша ұсталды.

«Қала тұрғыны өзін фирма өкілі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге пәтерлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп хабарлама берген. Олар өздерінің жұмысын арзан бағаға қойған. Аталған ақпарат жөндеу жасамақшы болған бірқатар қала тұрғынының назарын аударған. Алайда, тұрғындар жарнама берушінің жөндеу жасау үшін алдын ала ақы төлеу керек екеніне еш күдіктенбеген», - деп хабарлады полиция.

Жәбірленушілер жарнама берушінің есеп-шотына бірнеше мыңдап қаражат аударған. Ақшаны алып алған алаяқ олармен байланысын үзіп, із-түссіз жоғалған. Полиция қызметкерлері әккі алаяқты қолға түсіріп, оның осыған ұқсас 27 қылмысқа қатыстылығын анықтады.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 39 миллион 400 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске нүкте қойылып, іс сотқа жолданды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.