Қызын зорлаған сотталушы Орал түрмесінде суицид жасады

Аягөз Құрмаш

Оның кім екені белгілі болды

Қызын зорлаған сотталушы Орал түрмесінде суицид жасады
Фото: Уральская неделя

Орал қаласының №27 колониясында тұтқын өз-өзіне қол жұмсады. Полиция ҚР ҚК-нің 105-бабы «суицидке жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ринат Байзақов 46 жаста болған. Ол 2023 жылдың шілдесінде кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін 20 жылға сотталды. Бір жыл бұрын 15 жастағы қыз пойыздың астына түсіп өзін-өзі өлтірген болатын. 

Бұл трагедияның қорқынышты жағдайлары туралы Аминаның анасы Анастасия айтты. Амина өлер алдында хат жазып, әкесінен зорлық көргенін айтқан. 

«Мен жоқпын. Мені зорлап, үнсіз қалуымды сұраған әкем кінәлі», - деп жазды ол.

Үй компьютерін тінту кезінде Ринат Байзақовтың қызына қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың дәлелі бар бейне табылған еді.

Анастасияның айтуынша, қайғылы оқиға болған кезде олардың ажырасқанына 6 жыл болған.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.