16.08.2024, 17:31
Оқиғалар
Тегін тамақтандыру: СҚО Білім басқармасының 3 лауазымды тұлғасы жазаланды
Олар ас ақысын есептеуде қате жіберген
Фото: gov.kz
Солтүстік Қазақстан облысындағы облыс әкімдігі тарапынан тамақтандыруды дұрыс ұйымдастырмау фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Облыс әкімдігінің білім басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет және салық заңнамасының талаптарын бұзған. Бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде бір реттік мектепте тамақтандыру құнын есептеу кезінде қосылған құн салығының ставкасын ескермеген (12%). Жеткізушілерге бір оқушыға қажетті 647 теңгенің орнына 614 теңге мөлшерінде көрсетілген. Соның салдарынан 6 кәсіпкердің құқығы бұзылды», - деп хабарлады прокуратура.
Тексеріс нәтижесінде жетпей тұрған 5,6 млн теңге қайтарылды. Заң бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды