Ақтөбелік 6 телефон және 1 ноутбукты қолды қылды (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Ол келтірген залал – 3 млн теңге

Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде ұры тұрмыстық техника дүкенін тонаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті түнде дүкеннің металл торының шыбықтарын итеріп, пластикалық терезесін қысып ашып, ұрлық жасаған. 37 жастағы күдіктінің олжасы 6 телефон және 1 ноутбук болды. Келтірілген шығын 3 млн тенгеден асты.

«Ұрлық жасағаннан кейін күдікті ұрланған заттардың бір бөлігін сатып үлгерген, ал бір бөлігін полиция оның тұрғылықты жерінен тәркіледі. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады ПД.