Ол «мемлекетке жасаған опасыздық» жасағаны үшін айыпты деп танылды
АҚШ азаматы, балерина Ксения Карелина Ресейде «мемлекетке жасаған опасыздық» бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Euronews жазуынша, 33 жастағы Ксения Карелина Украинаны қолдап, Razom for Ukraine қорына америкалық шотынан 51 доллар 80 цент аударғаны үшін «мемлекетке опасыздық жасады» деп танылды.
Сот үкімімен ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ксения – Свердлов облысының тумасы, алайда Лос-Анджелесте көп жылдар бойы тұрып, АҚШ азаматтығын алған. Балетпен айналысады.
2024 жылдың ақпанында ол Екатеринбургте туыстарына келген сапарында ұсталды. Іс жабық режимде қаралды.