Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері, ішінде 33 жастағы жолаушысы «BMW» маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тінту нәтижесінде оның жанынан ұнтақты заты бар целлофан табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген зат мефедрон синтетикалық есірткісі екенін растады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз кінәсін мойындады. Ол Астана қ. ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», - делінген хабарламада.