Елордада құрылысшы жетінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтты

Фото: istockphoto.com

Астанада құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құрылысшы құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жазатайым жағдай Мәңгілік ел даңғылы бойындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірінде болған.

Зардап шеккен жұмысшыны жедел жәрдем қызметі №2 қалалық ауруханаға жеткізді.

«Ер адамда мидың, өкпенің және сол бүйректің көгеруі, политравма, қабырғаның жабық сынуы, екі иықтың, омыртқаның әртүрлі бөліктерінің сынуы бар. Жағдайы ауыр», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасында.