Олар гүлдің парша-паршасын шығарды
Әлеуметтік желіде тойда болған оқиғадан видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода қалыңдық гүлін лақтырған сәтте, оны үш қыз – бір ересек, екі кішкентай қыз тосып алады. Бір-біріне бергісі келмей, үшеуі таласып, тіпті, гүлді үш жаққа бөліп алып кеткенше, тірескен. Кішкентай қыз аяқпен тебуге көшкен.
«Ана құрттайларға не жорық? Быт-шыт қылды...үшеуі де шықпайды. Үлкендер не қарап тұр? Кішкентай қыздардың ата-анасы не қарап тұр, ұят-ай. Әйелдің миы жоқ», - деп жазған.
Пікір білдіргендер бұл «дәстүрдің» қаншалықты орынды екенін талқылап, «болашағымыз бұлыңғыр» екенін жазған.