15.08.2024, 17:08
Оқиғалар
Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды
Бір адам зардап шекті
Фото: видеодан скриншот
Алматыда троллейбус аялдамаға соғылды. Бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласы Алмалы ауданында болды. Троллейбус Сейфуллин даңғылымен жүріп келе жатып, аялдамаға соғысты.
«Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Алмалы аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын тексереді», - деп хабарлады Алматы ПД.
Апатты өтіп бара жатқан адамдар видеоға түсіріп алды.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)