Бишімбаев ізімен: Алматыда тұрғындар қызды агрессордан арашалап қалды

Автор: Молдатай Сымбат

Желіде оқиғаның видеосы пайда болды

Фото: видеодан скриншот

Алматыда Рысқұлов көшесінің бойымен өтіп бара жатқан тұрғындар түнде агрессивті ер адамнан қызды арашалар қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам автотұрақта қыздың соңынан қуып, соққыға жыққан. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алды.

«Жігіт өзінің көлігімен автотұрақта қыздың көлігінің соңынан қуып, ақыры жетіп, соқты. Тоқтаған соң, қыздың көлігіне отырып, ұра бастады. Бақытымызға орай, басқа ер адамдар арашалап алды», - дейді видео авторы.

Кадрлардан соғылған көлікті, айқайлап жылап жатқан қызды байқауға болады. Ал агрессор елдің көзінше оған қол тигізбегенін айтып жатыр. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

«Осы факті бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.