Мұхамеджан Тазабек кімнің медалін тағып жүр

Автор: Темірхан Айжан

Бұрынғы ақын қазір коучқа айналған 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Өзін тәлімгер деп таныстыратын бұрынғы айтыскер Мұхамеджан Тазабек Париж Олимпиадасының алтын медалін мойнына тағып, фотосуретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жалғыз алтынды жақыннан көрдік» деп жазған ол мекен-жайына Астана қаласын белгілеген. Еске салсақ, Қазақстанға Олимпиада ойынадарынан жалғыз медальді дзюдошы Елдос Сметов әкелген болатын.

Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметов чемпион атанған кезде спортшыны желідегі парақшасында қайта-қайта құттықтаған еді.