15.08.2024, 15:17
Оқиғалар
Жоғарғы Сот үлкен жанжал тудырған даулы үйдің «тағдырын» шешті
Сот Дана Әтешованың өтінішін қараудан бас тартты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Жоғарғы Сот Дана Әтешова мен Марат Әйтенов арасындағы үлкен жанжалдың себебі болған даулы үйдің «тағдырын» шешті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғарғы сот Дана Әтешоваға қатысты істің барлық материалдарын зерттей келе, мүлік Марат Әйтенов пен бұрынғы жұбайының некесіне дейін алынғанын анықтаған. Сөйтіп, Әтешованың өтінішін қараудан бас тартты.
Судья Рәзия Қуанышбаева бұрынғы шешімді қайта қарауға негіз таппаған. Яғни, үй бұрынғы қожайындарында қалады, оған Дана Әтешова талап қоя алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, ерлі-зайыптылар 4 жыл бұрын ажырасқан. Бірақ үйді бөлісе алмаған.
Көп оқылған
01.09.2026, 10:36
Мүфтият: 2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт компания ғана қажылыққа апара алатын болды
01.09.2026, 13:46
Жаймашуақ күз бола ма: қыркүйек айында елімізде ауа райы қандай болады
01.09.2026, 09:33
Алматы облысында тіс емдейтін екі емхана жалған мәліметтер арқылы МӘМС-тен ондаған млн теңге ұрлаған
Бүгін, 11:17
«Әуел баста теріс салынған»: Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта 21 жылдан бері сол үйде тұратын әйел жауап берді