Сот Дана Әтешованың өтінішін қараудан бас тартты
Жоғарғы Сот Дана Әтешова мен Марат Әйтенов арасындағы үлкен жанжалдың себебі болған даулы үйдің «тағдырын» шешті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғарғы сот Дана Әтешоваға қатысты істің барлық материалдарын зерттей келе, мүлік Марат Әйтенов пен бұрынғы жұбайының некесіне дейін алынғанын анықтаған. Сөйтіп, Әтешованың өтінішін қараудан бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, ерлі-зайыптылар 4 жыл бұрын ажырасқан. Бірақ үйді бөлісе алмаған.