Экологиялық қылмыс: Арқалықта ақбөкеннің етін сатқан адам 3,6 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады

Фото: gov.kz

Арқалық қаласының прокуратурасы қала аумағында бірнеше рет ақбөкеннің етін заңсыз сатқан адамды анықтап, оны соттатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысының прокуратурасы хабарлағандай, ол бес тушаны сатқан. Бұдан мемлекетке 21 млн теңге залал келген.  

«Сот азаматты экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды және оның автокөлігін тәркіледі», - деп хабарлайды прокуратура. Оның үкімі заңды күшіне енген.