Қазақстан азаматын депортациялағаны үшін неміс фермері 4200 еуро төледі

Автор: Молдатай Сымбат

Оған айыппұл салынды

Фото: BILD

Неміс фермері Ролан Шмидт Қазақстан азаматын атбегі ретінде жұмысқа алған. Ол үшін мемлекеттен субсидияға ие болған, алайда, Қазақстан азаматының жұмысқа тұру рұқсатының мерзімі өтіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл үшін 56 жастағы Қазақстан азаматы Олег Б. Германиядан депортацияланды. Ал жұмыс беруші айыппұл төледі.

Қазақстан азаматы 2023 жылы фермаға жұмысқа тұрып, неміс фермері Ролан Шмидттің Алленсбах қаласындағы фермасында 1,5 жыл жұмыс істеген. Германия Үкіметі фермерге 2023 жылы Қазақстан азаматын жұмысқа алғаны үшін субсидия берген.

Алайда, Қазақстан азаматы жұмысқа рұқсатты уақытында ұзартпаған. Ол Германиядан Қазақстанға депортацияланды. Жұмыс берушіге бұл заң бұзушылық үшін 7 мың еуро айыппұл салынды.

BILD жазуынша, Шмидт адвокатқа жүгініп, айыппұл көлемі 4203,5 еуроға дейін қысқартылды. Биліктің мәліметінше, фермер «әлеуметтік Кодекстің 404-бабына сәйкес абайсызда әкімшілік құқық бұзушылық жасады».