Олар жалған ақша жасаған
Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан. Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында қара-жасыл түсті өсімдік тектес зат тәркіленді. Ол – жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты.
«Аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды. Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді», - деп хабарлады ҚМА.
Сыбайласының тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.
Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.