2 адам зардап шекті
Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соғысты. Жол-көлік оқиғасы 13 тамызда сағат 19:47-де Шипин-Бородин көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апатынан 2 адам зардап шекті.
«Volkswagen көлігінің жүргізушісі солға бұрылған кезде, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жолаушылар автобусымен соқтығысқан», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушысын жолда жүру ережесін сақтауға шақырады.
Видео: t.me/nashkostanay_news/