«Есірткі және жалған 23 мың АҚШ доллары»: Шымкентте 2 адам қолға түсті

Молдатай Сымбат

Олар жалған ақша жасаған

«Есірткі және жалған 23 мың АҚШ доллары»: Шымкентте 2 адам қолға түсті
Фото: видеодан скриншот

Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан. Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында қара-жасыл түсті өсімдік тектес зат тәркіленді. Ол – жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты.

«Аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды. Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді», - деп хабарлады ҚМА.

Сыбайласының тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.