Алматыда ірі бизнес-орталықтың үшінші қабаты бұзылады

Автор: Молдатай Сымбат

Сонымен қатар, шатыры да заңсыз салынған

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайындағы Parasat бизнес орталығының үшінші қабаты мен шатыры сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, ол заңсыз тұрғызылған.

«Жоспардан тыс тексеруден кейін «Parasat Samex Co LTD» ЖШС иесіне заңсыз салынған құрылыстарды жою туралы ұйғарым берілді, алайда талап орындалмады. Сот басқарманың талап-арызын қанағаттандырып, міндетті түрде сүру керек деп шешті», - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, өткен жылдың басынан бері Алматыда 44 заңсыз нысан бұзылды.