Оқиға Шиелі ауданында болды
Бүгін Шиелі ауданында екі көлік соғысып, салдарынан 1 адам өліп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тағы үш адам жарақат алған. Қызылорда облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Қызылорда облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Рахымжан Сұлтанқұлов.
Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.