Қария көз жұмған күні 82 жасқа толып жатқан
Солтүстік Қазақстан гоблысы Тайынша ауданында 59 жастағы ер адам өзінің туған анасын өлтірген, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy qaz-media.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, ұлы кейуананы үнемі ұрып-соққан екен. Марқұм ұлының қолынан қаза тапқан күні 82 жасқа толып жатқан. Адам шошырлық жайт 9 тамыз күні Тайынша ауданында тіркелген.
«Тайынша ауданында 82 жастағы әжені өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Ол 59 жастағы ер адам. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды СҚО-ның полиция департаменті.