Жуырда ғана түрмеден шыққан ер адам 15 жастағы баланы пышақтап кеткен (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Астананың қақ ортасында болған

видеодан скриншот

Бұрын сотты болған ер адам тападай тал түсте 15 жастағы оқушыны пышақтап кеткен. Баланың анасы күдікті адам бұрын кемі 7 бап бойынша сотталған кісі екенін жазып отыр, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy 

«С.Сәдуов бұрын бірнеше мәрте сотты болған. Атап айтқанда, 2001 жылы 10 маусымда Қылмыстық кодекстің 103, 178 баптары бойынша бес жылға, ал, 2007 жылдың 11 мамырында 130, 179, 120, 121, баптар бойынша 16 жылға, 2024 жылдың 9 ақпанында қылмыстық кодекстің 200-бабы, 1-тармағы бойынша бас бостандығы шектелген рецидивист. Соған қарамастан, тағы да қылмыс жасап отыр», - деп жазады пабликтердің бірі.

Баланың анасыны видеоға пікір білдіре отырып, баласы үш жерден жараланғанын, ал астаналық жедел жәрдем 40 минуттан кейін келгенін айтып тұр. Осы публикацияға пікір білдірген қаланың полиция департаменті баланы пышақтаған адам уақытша қамау изоляторына жабылғанын хабарлады.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша қамау изоляторында отыр», - деп хабарлады Астананың полиция департаменті.