Құқық бұзушы көліктің шеткі айналарын сындырған
Алматыдағы шағын ауданның бірінде вандал 10 көліктің айнасын талқандаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Автокөлік иесінің бірі түсірген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оқиға Орбита-2 шағын ауданындағы тұрақта болған.
Бұл оқиғаға қатысы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Бостандық аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, аталған факті бойынша құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.