Екібастұздағы көмір кенішінде кеншілер мінген автобус аударылды

Автор: Молдатай Сымбат

Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған

Фото: istockphoto.com

«Богатырь» компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ.

«Екібастұз қаласында жүргізуші ЖШС-нің бірінің аумағында ПАЗ автобусын жүргізе отырып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылды. Автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері болды. ЖКО салдарынан қаза тапқандар жоқ, сол жерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.