Ол Беларусь елінің азаматы екені анықталды
Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған жол апатына күдікті жүк көлігінің жүргізушісі 2 айға қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүргізуші – Беларусь елінің азаматы.
Хромтау аудандық сотының тергеу судьясы бүгін жүк көлігінің жүргізушісіне қаулы шығарды.
«Сот ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша азамат С.-ға тергеу уақытында екі ай мерзімге, яғни, 7 қазанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 7 тамыз күні Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жеңіл және жүк көлігі соғысып, салдарынан 8 адам көз жұмды.