Сот үкімі жарияланды
Оралда болған дәмханадағы газ жарылысына қатысты сот үкімі шықты. Ғимаратты жалға алушы Меңдібек Уәлиев кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше оқиға биыл 4 қаңтарда «Rizyq» дәмханасында болды. Түнгі 02:00 шамасында газ жарылып, екі қабатты ғимараттың күл-талқаны шықты. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Тағы алты тұрғынды күйік шалды.
«Сот дәмхананы жалға алушы 34 жастағы Меңдібек Уәлиевті кінәлі деп тауып, 5 жылға соттады. Ол үш жәбірленушіге жалпы сомасы 20 миллион теңгеге жуық материалдық және моральдық залал төлейді», - деп хабарлады «Мой город».