Олар атып алған қырғауылдан сорпа жасап, тамақтанып жатқан жерінен қолға түскен
Алматы облысының полицейлері заңсыз қырғауыл заңсыз аулаған төрт ер адамды қолға түсірді. Аңшылар тобы 3 мамыр түнде Талдықорған қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Сарыбұлақ өзені мен Алматы – Семей автожолының арасында ұсталған.
«Күдіктілердің төртеуі де жергілікті тұрғындар, олардың бірінен тіркелген 12 калибрлі бір ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 382-бабы 1-бөлігі (қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ аң аулау ережелерін бұзу) және 476-бабы 6-бөлігі (төтенше жағдай кезінде карантинді бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабына (атыс қаруын пайдалану, сақтау және тасымалдау тәртібін бұзу) сәйкес шаралар қолданылу үшін қару тәркіленіп, лицензиялық-рұқсат беру жүйесіне жіберілді», - делінген хабарламада.
Ұсталған адамдар төтенше жағдай кезінде аң аулағанын және карантин ережелерін бұзғанын толық мойындады. Қазіргі уақытта Алматы облысының аумағында «Уылдырық шашу» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Полиция облыс тұрғындарын балық, жануарларды заңсыз аулау және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін жою заң бойынша қудаланатынын ескертеді.