Ақтөбедегі ERG кәсіпорнында жұмысшының басына найзағай түсті

Автор: Молдатай Сымбат

Ол тіл тартпай кетті

Фото: istockphoto.com

Ферроқорытпа зауытының 35 жастағы қызметкері әріптестерінің көзінше тіл тартпай кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Диапазонға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 тамызда кешке кәсіпорын ауласында болған.

«Жұмысшылардың айтуынша, кешкі астан кейін ер адам сыртқа шыққан. Ал әріптестері терезеден оның басына найзағай түсіп, жерге құлағанын көрген», - деп жазды басылым.

Найзағайдан қайтыс болу фактісін жедел жәрдем қызметкерлері де растады.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Eurasian Resources Group компаниялар тобына жататын «Қазхром» компаниясына тиесілі.