09.08.2024, 08:53
Оқиғалар
Ақмола облысында ер адам көшеде балаларды аяусыз ұрған: полиция тергеу бастады
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады
Бейнеден кадр
Атбасарда ер адамның балаларды таяқпен аяусыз ұрып жатқан сәтінің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кадрлардан ер адамның ағаштан бұтақты жұлып алып, көлігінен шыққан әрбір баланы ұра бастағанын көруге болады. Оқиғаны бір бойжеткен бақылап тұрғаны да көрінеді. Балалардың жағдайы туралы хабарланған жоқ.
Ақпаратты Ақмола облыстық ПД растады.
«Бұл факт Атбасар аумағында орын алды. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 109-бабы «ұрып-соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, осы бейнежазбадағы адамды анықтау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)