Төтенше жағдай кезінде есірткі притонын ұйымдастырған Шымкент тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

 Өз үйінде есірткі притонын ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны күдікке ілінді

фото: polisia.kz

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 22 сәуірде есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу және есірткі притонын ұйымдастыру бойынша 34 жастағы жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

 Тінту барысында күдіктінің үйінде есірткі заттарын тұтынуға арналған ғимарат табылды. Барлық айғақты заттар тәркіленді.

«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 302-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.