«480 мыңнан 9 адам»: тойда сыйлыққа бір жылқының ақшасын салғандар көпшілікті таңқалдырды

Автор: Аягөз Құрмаш

Олардың қайда қызмет ететіні көпшілікті қызықтырды 

Фото: видеодан скриншот

Тойда тілек айтуға шыққан бір топ адам сыйлыққа бір жылқының ақшасын сала салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жорабектің достарының атынан әр отбасы бір жылқының құнын береді», - дейді олар.

Алайда тойға келген қонақтардың бұл әрекетін желі қолданушылары сынап тастаған.

«Осыдан кейін үкіметке жағдай жоқ деп айтудың қажеті жоқ. Тойдың төңірегінен аспайтын халдеміз. Жиған-тергенді білім, ғылымға шашатын уақытқа жеттік. Тобырлық санадан оянайық. Бұл мақтаншақтық емес, абырой. Осындай ұжымдастар болған жақсы», - деп әр түрлі пікір жазды.

Желі қолданушылар әр шыққан адамның қанша теңгеден салғанын санап та тастаған. Олар 9 адам 480 мың теңгеден салғанын жазады.