Кентауда 3 жасар балақай пәтерді іштен кілттеп, жалғыз қалып қойды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың анасы дүкенге шығып кеткен

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында полицей пәтерде жалғыз қалған бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел көмек сұрап хабарласқан. Оның айтуынша, үйінде 3 жасар қызы есікті ішінен құлттап алған.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан дереу барып, пәтердің 5-қабатта орналасқанына қарамастан, көршісінің балконы арқылы ішке кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Ал балақайдың анасы полиция қызметкеріне алғысын айтты.

Полиция балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.